Қазақстан және Қырғызстан үкіметтеріне 2004-жылдың алғашқы жартысына дейін Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының негізінде Бірлескен кәсіпорын құру мәселесін дәйектеу тапсырылды

Қырғызстан президенті Асқар Ақаевтың пайымдауынша, "консорциумдарды құру ірі көлемдегі инвестицияларға жол ашқалы отыр". Осы орайда Қырғызстан мемлекет басшысы ГРЭС құрылысына салынатын инвестицияларды атап өтті.

Қазақстан президенті сондай-ақ, Қырғызстанда өндірілген электр қуатын еліміз аумағына тасымалдау мүмкіндігін атай отырып, "бұл мүмкіндік Қазақстан жағынан ұсынылған шарттар мен баға бойынша жүзеге асырылады",- деді.
Бұған қоса, Елбасының айтуынша, А.Ақаевтың Астанаға ресми сапары барысында "Қырғызстан жағының елімізден астық пен жанар-жағармай сатып алу" жөніндегі өтініші қанағаттандырылған.
"Екі ел арасында тұрған экономикалық түйткілдердің барлығы да шешімін тапты. Бұл біздің аймақ пен басқа да елдер үшін үлгі болуы тиіс",- деді Н.Назарбаев.