ҚР ІІМ-нің орынбасары Владимир Курбатов басқарған Қазақстан өкілдері сонымен бірге Гонконг полициясының комиссары Ли Минг Кваймен жүздесіп, Гонконг полициясының есірткі бизнесі, лаңкестік және ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімдерін аралады. Сондай-ақ, Қазақстандық тәртіп сақшылары Гонконгте Орталық аймақтық полиция бөлімінде, командалық-бақылау орталығында және полиция мектебінде болды.
Өкілдердің Гонконг полициясының қызметкерлерімен кездесулері барысында болашақ ықпалдастықтың, өзара тәжірибе алмасу және қылмыспен күрес саласындағы техникалық ынтымақтастық пен ішкі істер мекемелерінің жұмыс тиімділігін арттыру перспективалары айқындалды.