Қазақстан және Ресей үкімет басшылары Қазақстан президентімен кездесіп, 2004-жылдың аяғына дейінгі ынтымақтастық жоспарымен бөлісті

"Бұл айрықша маңызды кездесу болды. Қазақстан президентімен кездесуде кешеден бергі жұмыс бабындағы кездесулердің қорытындысы туралы талқылап, қазіргі өзара ынтымақтастық ахуалы төңірегінде есеп бердік",- деді М.Фрадков.

РФ үкімет басшысы : "өзара дау тудырған мәселе болған жоқ. Бірақ, Қазақстан президенті баса назар аударған кейбір мәселелерді ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметовпен бірлесе талқыладық",- деді.