Қазақстан және Ресейлік ғалымдар Семейде Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық мәселелерді талқылауда

Бас қосуға Семей университеттері мен институттарының, сондай-ақ, РФ Барнаул және Новосибирск қалалары жоғарғы оқу орындарының доценттері қатысуда.

Бас қосу "Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық құбылыстардың құқықтық жақтары" және "Ресей мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық проблемалары мен перспективалары" деген екі бағытта өткізілуде.
Бас қосудың басты тақырыптары ретінде ТМД аясындағы банк саласындағы интеграциялық процестер, Ресей мен Қазақстан арасындағы кедендік құқық саласындағы экономикалық ынтымақтастық проблемалары талқыланады. Кездесуге қатысушылар сонымен бірге кәсіпорындардың өтпелі экономикалық ахуалдағы инвестициялық іс-әрекет ерекшеліктері, ТМД елдерінің тұрақты даму шарты ретінде Посткеңестік кеңістікте қайтадан интеграциялану қажеттігі туралы сарапқа салады.
Кездесу барысында 40 шақты баяндама тыңдалып, ол екі күнге созылады.