Қазақстан және Сенегал президенттері екіжақты ынтымақтастықтың басымдықтарын талқылады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петерборда G20 саммиті аясында Сенегал президенті Маки Саллмен кездесті.


           Әңгіме барысында мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен басымдықтарын талқылады, деп хабарлады жұмада елбасының баспасөз қызметінен.
           Н.Назарбаев өз ара ықпалдастықты дамыту мүмкіндіктерінің бар екендігін атап өтті.
           М.Салл келешегі бар бағыттар ретінде энергетикалық саладағы ынтымақтастықты және спорттағы жақсы жетістіктерді атап өтті, делінген онда.