Қазақстан және Тәжікстан СІМ басшылары аймақтың су-энергетикалық саласындағы жағдайын талқылады

Сондай-ақ аймақтық өз ара ықпалдастық пен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлады Қазақстан СІМ баспасөз қызметінен.

Тараптар орталықазиялық аймақтың су-энергетикалық саласындағы жағдайын талқылады.

"Бұл салада өз ара сенімділікті нығайтып, аймақтың бүкіл елдерінің мүдделерін ескере отырып ғана ынымақтасуға болады", деді Е.Ыдырысов.

Сонымен қатар ол аймақтық интеграция процесінің мәні зор екендігін атап өтті.


Келіссөздердің нәтижелері бойынша тараптар екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы 2014-2015 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойды.