Қазақстан жаңа технологиялар саласында жетекші ойыншыға айналуға ниетті – Президент

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Қазақстан жаңа технологиялар, криптоэкожүйе, сонымен қатар реттелетін және ашық цифрлық майнинг салаларындағы жетекші ойыншыға айналуға ниетті», - деді ҚР Президенті «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумы барысында.

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығы алаңындағы арнаулы ілкі жоба аясында криптовалютаны конвертациялау жүргізіліп жатқанын айтты.

«Ол үшін ұлттық заңнама мен реттеуші ортаға айтарлықтай жаңашыл өзгерістер енгізілді және біз одан әрі қарай ілгерілеуге дайынбыз. Егер осы қаржы институты өзінің одан әрі қажеттілігі мен қауіпсіздігін көрсетсе, онда ол толықтай құқықтық мойындалатындығы сөзсіз. Сіздермен ынтымақтаса отырып, біз қазақстандық цифрлық экожүйеге капитал тарту үшін барлық жағдайды жасауды жалғастырамыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.