Қазақстан Жапониямен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі - Назарбаев

"Кездесу барысында Қазақстан президенті Жапонияға жасаған сапарының мақсаты екі елдің арасындағы, оның ішінде ауыл шаруашылық және азық-түлік саласындағы экономикалық ынтымақтастықты қарқындандыру екендігін атап көрсетті", - деп хабарлады баспасөз хатшысы.

Сонымен қатар, Е. Байжановтың айтуынша, Қазақстан басшысы Жапонияға Семей өңірі мен Арал теңізін қалпына келтіруде көрсеткен көмегіне ризашылығын білдіріп, Жапонияның қоршаған ортаны қорғау саласындағы бастамаларын қолдайтынын хабарлады.

Сатцуки Эда Жапонияның Қазақстанмен арадағы серіктестікті жоғары бағалайтынын және көптеген салалар бойынша ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігіне сендірді.

Қазақстан президенті сондай-ақ парламенттің өкілдер палатасының (төменгі палата) спикері Йохей Кономен де келіссөздер жүргізді. "Әңгіме барысында президент парламентаралық байланыстардың дамуының маңызды рөлін атап өтіп, "Жапония - Орталық Азия" қатынастар форматына қолдау білдірді", - деп хабарлады баспасөз хатшысы.