Қазақстан жақын уақытта бидай экспортына шектеулер енгізбейді

"Біз ұн тарту комбинаттары мен бидай экспортымен айналысатын ірі компанияларымен кезекті маңызды жиналыс өткізіп, ондай шараларды әзірге енгізбеу жөнінде келісімге келдік", - деді А. Есімов.

Ауыл шаруашылық министрлігінің басшысы айтқанындай,"ішкі нарыққа тиісті көлемде бекітілген баға бойынша бидайды жеткізу жөнінде келісім жасалды". "Сондықтан шектеу шаралары әзірге қолданылмайды. Ал егер экспорттаушылар өздерінің міндеттемелерін орындамайтын болса, ондай шаралар тез арада енгізілетін болады ", - деді ол.

Министр атап өткеніндей "бидай бізде бар және экспорттық мүмкіндігіміз де жеткілікті". "Біз барлық бидайды сыртқа жібере алмаймыз. Біз өзіміздің қорымызда 1,2 млн тоннаны сақтап қалуымыз қажет", - деп түсіндірді ол.

Бүгінгі күні Қазақстанның экспорттық мүмкіндігі 3 млн тонна бидайды құрайды.