Қазақстан жасөспірімдері Минсктегі УЕФА турнирін ұтып алды


«Аламанның» жазуынша, біздің футболшылар шешуші кездесуде Ресей құрамасын 2:1 есебімен ұтты. Бұл ойынға дейін Қазақстан құрамасы Белоруссияны 2:1 есебімен, ал Украинаны пенальтиден 4:1 есебімен (негізгі уақыт - 1:1) ұтқан болатын. Осылайша, Қазақстан жасөспірімдері Белоруссиядағы турнирді жеңіп алды.