Қазақстан жастарының конгресі Елбасы Жолдауына қолдау білдірді

Бүгінгі күнде Қазақстан жастары азаматтық қоғамның толық құқықты, талапты және жауапты субъектісіне айналған. Жастар үшін көптеген бағдарламалар іске асырылып, жыл сайын мыңдаған жас мамандар, жоғарғы оқу орындары мен колледж түлектері өмірлік сөренің жаңа мүмкіндіктеріне ие болуда. Мұның барлығы Елбасымыздың көреген саясаты болып табылады. Қазақстан жастарының конгресі Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»жолдауында атаған бастамаларын толықтай қолдайтыны туралы мәлімдейді. 25 жыл ішіндегі қарқынды әрі мақсатты дамыған Қазақстан әлем сахнасында беделді орынға ие болды. Бұл жетістік алғашқы екі жаңғыру кезеңдерінің нәтижесі болып табылады. Ол жылдарда жастар еліміздің табыстарында маңызды рөл атқарған оқиғаларының алдыңғы қатарлы куәгерлері болды. Президент өзінің жолдауында елімізге дамыған елдердің қатарына қосылуға мүмкіндік беретін келесі маңызды бағыттарға екпін қойды. Олар – экономиканы қарқынды түрде технологиялық жаңғырту; дәстүрлі негізгі салаларды дамыту; еңбек нарығын жаңғырту; макроэкономикалық тұрақтылық; адами капиталдың сапасын көтеру; институционалдық түрлендіру, қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлықпен күрес. Қазақстан жастарын біріктіруші жастар ұйымы ретінде, біз Президент бастамалары қазіргі заман талаптарына сай деп ойлаймыз. Еліміздің жас буыны үшін білім, еңбек нарығы, ақпараттық технологиялардың дамуы сұрақтары ерекше маңызды. 2015 жылы Елбасымыз «Тегін кәсіби-техникалық білім» жобасын ұсынған болатын. Осы жылы аталған жоба өзінің жаппай іске асырылу сатысына көтеріледі және көптеген студенттерге өз жолын табуға көмектеседі. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Әбішұлы, ең алдымен білім беру жүйесінің рөлін өзгерту қажет екенін атап өтті. Елбасының өз Жолдауында «Біздің міндетіміз – білімді экономикалық өсу моделінің орталық түйіні қылу болып табылады. Оқу бағдарламаларын критикалық ойлау, өздігінен ақпарат іздеу дағдыларын дамытуға бағыттау қажет». Президентіміз ІТ-білім, қаржылық сауаттылықты қалыптастыру мен патриоттық тәрбиенің өзектілігін көрсетті. Мұның барлығы жастарда мемлекетіміздің жаңа даму кезеңінде қажетті, өмір үшін маңызды жаңа дағдылар мен қабілеттерді қалыптастырады. Білім беру жүйесінде ІТ-саланың қарқынды дамуы және мұғалімдердің квалификацияларының жоғарылауы қала мен ауыл мектептерінің арасындағы білім сапасының айырмашылығын азайтуға септігін тигізері айқын. Жас қазақстандықтар үшін ең маңызды мәселе – жұмысқа орналасу мәселесі. Еңбек нарығын жаңғырту мақсатында Елбасымыз өз Жолдауында жұмыскерлердің жаңа заман салаларының мамандықтарына көшуі үшін қолайлы жағдайлар жасау міндетін қойды. Осыған орай, Президент еңбекпен қамтудың жаңа Жол картасын әзірлеу қажеттілігін атап өтті. Мұндай Жол карталары жұмыс берушілердің қысқартылған жұмыскерлерді қайта дайындау және жаңа жұмысқа орналастырудағы міндеттерін айқындап көрсететін болады. Қазақстан жастарының атынан Елбасы Жолдауында аталған бағыттарды қолдайтынымыз туралы мәлімдейміз! Әлемнің жаһандануы бізден жаңа көзқарастар мен еңбек нарығын талап етеді. Қазақстанның үшінші жаңғыруы бізге «Мәңгілік ел» ұлттық идеясына жетуде серпінді қадам жасауға, экономикалық өсудің жаңа моделін қалыптастыруда, бәсекелестік қабілетімізді нығайтуда және 2030 жылы 30 дамыған елдер қатарына қосылуымызға зор ықпалын тигізетініне сенеміз.

Қазақстан жастарының конгресі