"Бірінші кезекте "ҚазМұнайГазға" инвесторлармен бұрынғы шарттар бойынша кез-келген келіссөздер жүргізуді тоқтата тұруды тапсырамын. Біз ең алдымен жаңа салық кодексінде жаңа ойын тәртіптерін біршама толық айқындап, кез-келген жаңа келісімді жаңа шарттармен жасасуға тиіспіз", - деді Кәрім Мәсімов.
Ол мемлекет басшысының кеше жаңа салық кодексінің жобасын жасауға тапсырма бергенін еске салды. "Қыркүйек айында біз жаңа салық кодексімен және жаңа бюджеттік кодекспен баруға тиіспіз, ал кейбір жер қойнауын пайдаланушылардың бұл тұрғыдағы позициясы жақсы болмайтыны анық", - деід премьер. "Жаңа салық кодексінде жеңілдіктердің саны азайтылуға тиіс, қазір олардың саны - 170, шикізаттан басқа сектордағы кәсіпорындарға түсетін салық салмағы азайтылуға тиіс, және осының есебінен шикізат өндіруші салалар үшін салынатын салық көлемі ұлғайтылуға тиіс", - деді ол.
Кәрім Мәсімовтың хабарлауынша, "жаңа салық кодексінің жобасын жасау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы үкімет басшысының бұйрығына бүгін қол қойылады".
Сонымен бірге үкімет басшысы "Қазақстанның қол қойылған келісім-шарттарын қолдайтынын, шетелдік инвесторлармен қол қойылған келісім-шарттарын Қазақстанның орындайтынын және егер инвестор келісім шарттарын орындаған жағдайда өзгертілмейтінін" атап өтті.