Қазақстан жер қойнауын пайдалану жөнінде жаңа келісім-шарттарына қол қоюда өзара өнім бөлісу жөніндегі келісімдерден бас тартпақшы - Кәрім Мәсімов

"Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу мәселесі бойынша жалпы алғанда салық жүктемесін арттыруды қарастырып, салық төлеу тәртіптерін қайта қарау керек. Атап айтсақ, жер қойнауын пайдалану бойынша жаңадан жасалатын шарттарда өзара өнім бөлісу жөніндегі келісімді шарт жасасудың бір түрінен алып тастауды мұқият дәйектеу қажет", - деді Кәрім Мәсімов.

"Меніңше, бұл мәселені енді доғару қажет, бұған дейін қол қойылған келісімдер бойынша Қазақстан өзінің міндеттемелерін онда көрсетілгендей атқара береді, ал жаңадан ондай шарт жасасуды тоқтату керек", -деп нақтылады ол.

"Қазір біз басқаша өзгеше жағдайда өмір сүріп жатырмыз", -деп түсіндірді үкімет басшысы бұл қажеттілікті.