"Бүгінде бір жер серігі жұмыс істейді, келесісі жерге қашықтан зонд жүргізу жүйесі болады, яғни егер біз бірнеше жер серігін іске қосық, қашықтан зонд жүргізе алсақ, онда біз өзіміздің жер асты байлықтарымызды ғарыштан зерттеуге мүмкіндігіміз болады",-деді журналистердің сауалдарына жауап берген елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
"Қазақстан территориясында ғарыш айлағы бар, біз Ресеймен дұрыс келісім жасасып отырмыз, себебі онда технология да, кадрлар да бар, олар біздің сеніміміз бен достық пейілімізді пайдаланып, ғарышты бірге меңгереміз ", деді президент.
ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігінің мәліметінше , 2012 жылы Қазақстан бір топ байланыс және хабар тарату жер серігін іске қосуды жоспарлап отыр. "2020 жылы орбитаға "KazSat" ғарыш аппараты сияқты бес байланыс жер серігін шығару көзделуде",-деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.
"KazSat-1" алғашқы қазақстандық геостационарлық байланыс жер серігі Байқоңыр ғарыш айлағынан 2006 жылы ұшырылған, оның қызмет ету мерзімі он жыл деп белгіленген.
Жер серігіне бірнеше қабылдау тарату жабдықтары орнатылған, олар теле хабарларын таратуды қамтамасыз етіп , Қазақстанның барлық аймағына жер серігі қызметін көрсетуге мүмкіндігі бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті