Қазақстан жеткізілім мөлшерінің артқанына қарамастан Ресейден мұнай өнімдерін әкелуге шектеу енгізбейді


Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшысы Сауат Мыңбаев мәлімдеді.
«Қазір Ресейден жеткізілім мөлшері индикативтік баланста қаралғаннан біршама асып түседі. Дегенмен, қазір Ресейден мұнай өнімдерін жеткізуді шектеу жөнінде нақты шешім қабылданбады және ондай құжаттарды білмеймін, түсінгенім бойынша шектеу болмайды», - деп С.Мыңбаев бүгін Астана қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
«Егер Ресейден мұнай өнімдерін жеткізу мөлшеріне келер болсақ, әдетте бұл шамамен 1,8 млн тонна ашық мұнай өнімі болатын. Бұл мөлшері жылына индикативті баланспен расталады», - дейді ол.
Бұған дейін жұмада "Коммерсантъ" газеті рубльдің құнсыздануы салдарынан тым арзандап кеткендіктен, Қазақстан Ресейден мұнай өнімдерін әкелуге шектеу енгізуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.