деп санайды мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
"Бізге тұрақты түрде өткізілетін имидждік халықаралық конкурстар керек. Мәселен, Мәскеуде Петр Чайковский атындағы конкурс бар.Бәрі де төрт жылда бір рет сондай тамаша конкурстың өткізілетіндігін біледі", деді ол жұмада Астанада мәдениет саясаты тұжырымдамасын дайындауға арналған стол басындағы әңгімеде.
Оның айтуынша, киноөнері саласындағы да шараларды қарап көруге болады. "Кинофестивальдер Канн, Венеция, Карлов Варда өтеді, оны жақсы білеміз. Біздегі жалғыз кинофестиваль – Еуразия болатын, басы жақсы басталды, бірақ орнын Алматы, Астана, қайта Алматы деп ауыстырып, бұл конкурсты лайықты жүргізе алмай қалдық", деді ол.
Министр елбасының Астананың мәдени өмірін жақсарту туралы тапсырмасын еске салып өтті. "Бізде тамаша "Астана Опера" театры бар,"Astana Ballet" құрылып отыр, Қазақ ұлттық хореография академиясы салынуда, біз жоғары деңгейдегі конкурстарды өткізуге міндеттіміз", деді ол