Бұл туралы Астанада өткен «Ауылдық жерлердегі әйелдер арасында шағын кәсіпкерлікті тиімді дамыту тәжірибесі» атты Республикалық конференцияда айтылды, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.
«ҚазАгро» xолдингінің басқарушы директоры Лилия Мусина: «Қазақстанда жұмыс істейтін әйелдердің саны 49 пайызды құрайды. Ал гендерлік тұрғыдан қарағанда аграрлық сала экономиканың ең үздік үштігіне кіреді», - дейді.
Оның айтуынша, елімізде 700 мыңнан астам әйел ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы саласында еңбек етеді. Яғни, бұл - барша жұмыспен қамтылған әйелдердің 20 пайызы.
Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, әйелдердің 19%-ы сауда саласында, 19%-ы білім саласында, 9%-ы өнеркәсіп саласында және 9%-ы денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет саласында жұмыс істейді.