Қазақстан Журналистері конгрессінің атқару комитеті төрайымының атап көрсетуінше, Конгресс "БАҚ туралы" жаңа заңда қолданыстағы заң мен ұсынылған заң жобаларында көрініс тапқан "ең таңдаулы нормалардың" топтастырылуынан мүдделі. Дейтұрғанмен, Конгресс өкілдерінің пайымдауынша, ақпарат министрлігі ұсынған заң жобасының көптеген нормалары бұған дейін "Ақ жол" партиясы ұсынған "БАҚ туралы" заң жобасына енген. "Ал партияның жобасы парламент талқылауынан кері қайтарылғаны белгілі". "Ақ жол" ұсынған заң жобасын журналистік қауымдастық та "басым дауыспен" қабылдаған жоқ, деді Д.Назарбаева. Алайда, ақпарат министрлігі ұсынған заң жобасында да "міндетті түрде ескеріліп, парламентте талқыланатын "БАҚ туралы" жаңа заң жобасына енгізілуі тиіс озық, оң сипаттағы жақсы нормалар көп",- деді ол.
Қазақстан журналистері конгрессінің төрайымы сондай-ақ, "Конгресс жасап шығарған заң жобасы - қайткенде өз идеясын өткізу үшін Алтынбек Сәрсенбаевқа (Ақпарат министрлігіне) қарсы қасақана жасаған Дариға Назарбаеваның жеке жобасы емес" дегенді шегеледі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін Қазақстан журналистері конгрессінің өкілдері "БАҚ туралы" жаңа заң жобасын жасап бітіруге таяғанын хабарлаған болатын. Ал осыдан біраз күн бұрын ҚР Ақпарат министрлігі "Қазақстан Республикасындағы сөз бостандығының кепілдіктері туралы" заң жобасын жұртшылыққа таныстырған.