Баспасөз мәслихатына қатысушылар өз мәлімдемесінде журналистерді "жауапкершіліктен жұрдай сот отырыстарын көбейтуге" түрткі болып жатқан заңдардағы ақтаңдақтармен күресуге шақырды.
Журналистика күніне орай дайындалған бірлескен мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, "мардымсыз техникалық қателіктерге бола басылымның жұмысын уақытша тоқтату немесе жабу, күмәнді негіздерге сәйкес БАҚ-тың меншік иелерін жойып жіберу және таралымды тәркілеу, ешбір түсініктеме берместен тіркемей шырғалаңға салу, радиожиіліктер үшін ұзақ жылдар бойы сарыла кезек күту, Қосалқы құн салығын қайтадан іске қосу деректерін "мемлекеттің марапаты" ретінде атауға болады".
Биылғы жылдың 6 айында елімізде түрлі себептермен 3 журналист қаза тапса, БАҚ-тың 9 қызметкеріне шабуыл жасалып, таралымды тәркілеп алуға қатысты 9 дерек тіркелді. Журналистердің кесірінен келді-міс делінген моральдық шығын көлемі 150 млрд. 243 млн. 90 мың теңгені құрады.