«Иә», - деді Л. Қиынов журналистердің сәйкес сұрағына жауап бере отырып.
Ол тыйымның мерзімін нақтылаған жоқ. Ол бұл егін орағы кезінде отынмен қамтамасыз ету қажеттілігіне және қазақстандық үш МӨЗ-дің бірі – Павлодар зауытының жоспарлы жөндеуге жабылғанына байланысты екенін айтты.
Еске сала кетейік, мұның алдында ҚР мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевқа сілтеме жасап, ЖЖМ экспортына тыйым үстіміздегі жылдың қазан айына дейін ұзартылатыны туралы хабарланған болатын.