«Қазақстан-2050» Стратегиясы әлемнің 20 елінде насихатталады

    Бұл туралы бүгін Қазақстан саясаттанушылары конгресінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов мәлім етті.

«Ағымдағы жылы біз Стратегияны шетелде ақпараттық насихаттауды жалғастырмақпыз. Іс-шара әлемнің 20 елінде, оның ішінде Қытай, Франция, Моңғолия, Норвегия, Ресей, Германия, Голландия және Таяу Шығыс елдерінде жүргізілетін болады» - деді ол.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда «Қазақстан-2050» Стратегиясы араб, ағылшын, түрік, орыс, өзбек тілдеріне аударылған.


 «Толықтай алғанда, біз сіздермен бірлесіп Стратегияны түсіндіруде мол жұмыс атқардық. Дегенмен, қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалуға болмайды, жұмыстарымызды ширата түсуіміз қажет», - деді М.Әзілханов.