Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша "бірінші кезеңде жүргізушілерге қауіпсіздік белбеуін пайдалану қажеттігі, оның жол көлік апаты салдарына қалай әсер ететіндігі түсіндіріледі".
"Кейін қауіпсіздік белбеуін қолданбаған жүргізушілер әкімшілік жауапқа тартылатын болады ", - делінген баспасөз баянында.
Әлемдегі барлық елдерде болған жол көлік апаттарына жасалған зерттеулер көрсеткеніндей, қауіпсіздік белбеуін қолданған жүргізушілердің басым бөлігі апатты оқиғаларда аман қалып, өлім -жітім көрсеткіштері 2,11 есе аз болған.
ІІД хабарлағанындай, жүргізілген зерттеулер арқылы қақтығыстар кезінде қауіпсіздік белбеуінің тиімділігі анықталды. Көліктер бір-бірімен соқтығысқанда қауіпсіздік белбеуі жүргізушінің өліп қалу қаупін 2,3 есеге азайтса, көліктер бүйірінен соқтығысқан кезде 1,8 есеге және көлік аударылғанда 5 есеге азайтады.
Қауіпсіздік белбеуі тағылмаған кезде көлік сағатына 20 шақырым жылдамдықпен жүріп келе жатып қақтығысқан жағдайда да адам шығыны болуы мүмкін.
Қауіпсіздік белбеуін пайдалану жөніндегі ресми нұсқамалар Швецияды 1957 жылы және АҚШ -та 1961 жылы шығарылды. Ал 1973 жылдан бастап қауіпсіздік белбеуін тағу ережесін әлемдегі көптеген елдерде қолдану міндеті жүктелді.