Қазақстанда 1 жыл ішінде өмір сүру ұзақтығы 0,69 жасқа ұлғайды


«Елімізде бала туу көрсеткіштерінің артуы және өлім-жітімнің тұрақтануы нәтижесінде халықтың табиғи өсімі 4,6 пайызға ұлғайды. Бір жыл ішінде күтілетін өмір сүру ұзақтығын 0,69 жасқа артып, 2012 жылғы 69,61 жастан 2013 жылы 70,3 жасқа жетті», - деді ол.

Сондай-ақ министрдің алға тартқан деректеріне сәйкес, осы мерзім ішінде ана өлімі 6,7, нәрестелер шетінеуі  17, туберкулезден болатын өлім-жітім - 24, қайғылы жағдайлар, улану мен жарақаттанушылықтан болатын өлім-жітім 6,9 пайызға төмендеді.