Қазақстанда 11 мыңнан астам жалған кәсiпкерлiк субъектiлерi болуы ықтимал - Салық комитетi

Салық комитетi 2013 жылы Қаржы полициясына жалған кәсiпкерiк белгiлерi бар 11 мыңнан астам жеке кәсiпкердiң iсi жолданды. Олардың 1200-iнiң қаржылық айналымы 500 млн. теңгеден асады. Аталмыш топтардың бюджетке келтiруi ықтимал шығындары алдын ала мәлiметтер бойынша 770 млн. теңгеге бағалануда. Мұндай көрсеткiштер өзектi түйткiлдiң аса үлкен көлемiн көрсетедi. Қазiргi уақытта мұндай қылмыстардың түрлi схемалары пайда болды және күшейiп келедi. Ең көп таралғаны - кәсiпкерлiк субъектiлерiн құру арқылы оларды банкротқа жариялау немесе қайта құру арқылы салықтан жалтару болып отыр.