Қазақстанда 133 мыңнан астам еңбек мигранттары заңдастырылды

Ақпаратқа сәйкес, "Алматыда ресми түрде өтініш білдірген 20 172 еңбек мигрантының 19 742-сі заңдастырылды".

Сонымен бірге елімізге заңсыз келу оқиғалары тыйылмай отыр, деп хабарлайды ІІД. Жалпы алғанда соңғы апта ішінде көші-қон басқармасының қызметкерлері 126 заң бұзушылықты анықтады, оның 33-ін - алыс шетел азаматтары жасаған.

Атап айтсақ, өткен сейсенбіде ҚХР азаматына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол соттың шешімімен өткен мамыр айында елден кетуге тиіс болған, бірақ ол құқық қорғау мекемелерінен жасырынып жүрген.

Ал жуырда болашақта Италияға өту мақсатында Казақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен Пәкістан елінің үш азаматы ұсталды. Тексеру барысында, Қазақстан аумағына олардың визасыз енгені анықталды. Пәкістан азаматтары Алматыда тұратын Қырғызстан тумасының жеке меншік көлігімен қалаға келген.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, науқан "Заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыруға байланысты рақымшылық жасау туралы" 2006-жылдың 4-шілдесінде қабылданған заңды жүзеге асыру аясында іске асырылуда.

Легализация аясына Қазақстан Республикасы аумағына заң күшіне енгенге дейінгі алпыс күнтізбелік күн ішінде келген шетел азаматтары еніп, оларға ерекше үлгідегі көші-қон карточкасы беріледі.

Заңдастыру шарасы 31-желтоқсанға дейін созылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті