Қазақстанда 137,0 млрд. теңгеге 20 931 нысан жария етілді

жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 267,5 млрд теңгені құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі үшін 29 524 өтініш түсті, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен.

Өтініштер бойынша сомасы 189,8 млрд. теңгеге 24 279 тұрғын үй нысаны; сомасы 76,1 млрд. теңгеге 12 989 тұрғын үйге жатпайтын нысан, оның ішінде 52,9 млрд. теңгеге 3 187 коммерциялық нысан, сомасы 0,7 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 14 қатысу үлесі, сомасы 0,8 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті. Сомасы 137,0 млрд. теңгеге 20 931 нысан жария етілді», делінген хабарламада. 

Мүліктерді жекешелендіру бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 228,8 млн теңгені құрайтын 11 тұрғын үй нысанын жекешелендіру бойынша өтініш келіп түсті. Сомасы 228,2 млрд. теңгеге 10 нысан жария етілді.


ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 27.04.2015 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 64,0 млрд.теңге ақшаны жария етуге 105 жинақ шот ашылды, оның ішінде ақшаны жария еткені үшін алымның бюджетке 2,4 млрд. теңгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны - 21,9 млрд. теңге, ҚР экономикасына инвестицияланғаны - 30,9 млрд. теңге.

28 сәуірдегі мәліметтерге сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110 коды бойынша бюджетке іс жүзінде 2,4 млн. теңге қаражат түсті.