Бұл шара басталысымен 139 191 адамнан өтініш келіп түсіп, ТМД елдерінің 138 302 азаматы заңдастырылды,-деп көрсетілген баспасөз хабарламасында.
Олардың арасында Өзбекстанның 99 148 азаматы, Қырғызстанның 19 360, Ресейдің 9 218, Тәжікстанның 3986 азаматы бар.
ҚР ІІМ мәліметтерінше, еңбек мигарнтатры ең көп заңдастырылған өңірлер - Алматы қаласы (20,4мың), Оңтүстік Қазақстан облысы (17,4 мың), Алматы облысы (16,4 мың) мен Маңғыстау облысы (10,2 мың) болып табылады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, шара 2006 жылы 4 шілдеде қабылданған "Заңсыз еңбек мигранттарына рақымшылық жасау туралы" заңды жүзеге асыру аясында өтіп жатыр. Заңдастыру шарасы осы заңның жүзеге асуына дейін Қазақстанға алпыс күнтізбелік күн бұрын келген шетел азаматтарына қатысты қолданылады. Оларға айрықша үлгідегі жаңа көші-қон карточкасы беріледі. 1-ші тамызда басталған шара желтоқсанның 31-не дейін жалғасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті