Қазақстанда 15 мың мұғалімге 176 млн теңге төленді

Прокуратура органдары жалпы білім беретін мекеме қызметкерлерінің еңбек құқықтарының сақталуын тексерген болатын.

"Талдау барысында еліміз бойынша 15 305 педагогқа 2016-2018 жылдардағы оқу кезеңінде инклюзивті білім беру аясында ерекше білім алатын балалармен жұмыс істегені үшін үстемеақы төленбей келгені анықталды",   - деп жазылған Бас прокуратураның ақпаратында.

Ал мұндай балалармен жұмыс істейтін педагогтар қолданыстағы заңнамада көрсетілген жалақыдан 40% мөлшерінде үстемақы алуы тиіс ("Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйым қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" үкіметтің 31.12.2015 жылғы № 1193 қаулысы, "Білім туралы"  заңның 52-бабының 4-тармағы).  

"Прокурорлық қадағалау актілерін қарау нәтижесі бойынша заң бұзушылықтар жойылып, қызметкерлерге 176, 2 миллион теңге мөлшерінде төлем жасалды", - деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.