олардың штатын ұлғайтып, жаңа учаскелік қосындар ашу керек екенін айтады.
«Бүгінгі таңда учаскелік полицейлердің жүктемесі көп, учаскелік инспекторлар мен олардың көмекшілерінің саны қалыпты мөлшерге әкелінген жоқ», - деп министр бүгін Астанада мәжілістегі үкімет сағатында атап көрсетті.
Қ.Қасымовтың мәліметі бойынша, тағы қосымша 1 мың 740 учаскелік инспектор мен оларға 3 мың 752 көмекші қажет.
Сонымен қатар, министр қосымша 419 учаскелік полиция қосынын ашу және 1 мың 162 учаскелік полиция қосынын жөндеуден өткізу қажеттігін айтады. Мұнымен қоса, инспекторларға 1 мың 713 қызметтік көлік пен 1 мың 750 байланыс құралы қажет, 2 мың 381 учаскелік инспекторға баспана қежет.