Қазақстанда 1870 оккульттік-мистикалық наным-сенімдердің өкілдері құрылымды жою қызметін белсенді түрде жүргізуде

С. Нұрпейісов мұндай ұйымдардың мемлекеттік қауіпсіздікке залал келтірмейді және азаматтар үшін қауіпсіз деп санау қате пікір екенін жеткізді. "2007 - 2008 жылдары дәстүрлі емес діни бірлестіктер мен оккульттік - мистикалық секталардың 50 жетекшісі мен белсенді мүшелері қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Заңсыз миссионерлік жасағаны үшін Қазақстан Республикасының аумағынан 13 шетел азаматы шығарылған", - деп атап көрсетті ол.

Бас прокуратураның өкілі соңғы төрт жыл ішінде бас прокурордың шағым-арызы бойынша сот органдары 13 лаңкестік және бір экстремистік ұйымның қызметіне тыйым салғанын еске салды. Олар - "Аль-Каеда", "Шығыс Түркістанның Ислам партиясы", "Күрд халық конгрессі", "Өзбекстанның Ислам қозғалысы", "Асбат-аль-Ансар", "Мұсылман бауырлар", "Талибан" қозғалысы, "Бозғұрт", "Орта Азия моджахедтерінің жамааты", "Лашкар-и-Тайба", "Әлеуметтік реформалар қоғамы", "Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы", "АУМ Синрике" және "Хизб-ут-Тахрир-аль-Ислами" ұйымдары.

"Шетелдің бұл ұйымдарын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше өзге мемлекеттер лаңкесшіл ұйымдар деп таныған және олардың көпшілігі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің, Еуропалық одақтың яки АҚШ президентінің шешімдеріне сәйкес халықаралық террористік ұйымдардың санатына енгізілген", - деп атап көрсетті ол.

Атап айтқанда, 2004 жылы Қазақстанның құқық қорғау органдары "Орта Азия моджахедтерінің жамааты" лаңкестік тобын анықтап, сосын жойған. Бұл ұйым Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей аумағында әрекет жасаған халықаралық террористік ұйымның құрылымдық бөлшегі. "Топтың жетекшілері, мүшелері мен жандайшаптары тұтқындалды. Оның тоғызы Қазақстан азаматтары. Сонымен бірге, құрбандық рөлі берілген Оңтүстік Қазақстан облысының төрт әйелі де анықталды", - деді С. Нұрпейісов. "Кейіннен топтың қылмыстық қызметін "Аль-Каеда" қаржыландырып отырғаны және оның Алматы мен Шымкент қалаларында орналасқаны мәлім болды. Бұған дейін дәл осы адамдар Өзбекстанда лаңкестік әрекеттер жасаған", - деп атап көрсетті ол.