Қазақстанда 2 млн. адам электронды дауыс беру жүйесін пайдаланады - Орталық сайлау комиссиясының болжамы

Электронды дауыс беру жүйесі еліміздегі 961 сайлау учаскесіне енгізілген. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, Астана уақыты бойынша 11 сағаттағы жағдаймен 42845 адам электронды дауыс беру жүйесін пайдаланды. 500 мыңдай сайлаушы қағаз бюллетеньдердің көмегімен дауыс берді.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында сайлаушылардың жоғары белсенділігі байқалуда.
Солтүстік Қазақстан облысында 4080 сайлаушы, Қарағанды облысында 6245 , Павлодар облысында 4396 сайлаушы электронды дауыс беру жүйесін пайдаланды.