Бұл туралы бүгін Қазақстан-Испания Іскерлік кеңесінің II отырысында кеңестің тең төрағасы, «Самұрық - Қазына» қорының басқарушы директоры Нұрдан Байдәулетов мәлім етті.
«Болжам бойынша алдағы екі-үш жылда Испания Қазақстанның экономикасына бірнеше миллиард еуро салып, нақты 20 кәсіпорын құрылады», - деп атап көрсетті Н.Байдәулетов.
Айта кетейік, бүгінде Испания әлемдегі ірі инвесторлардың бірі болып саналады. Латын Америка және АҚШ-та ол үздік ондыққа кіреді.