"Елімізде барлығы 200 жуық проблемалы нысан бар. Оларды үлескерлердің 104 млрд теңгесі тартқан 123 компания салуда", - деді А. Дауылбаев. Оның нақтылауынша, проблемалы нысандардың басым бөлігі Астанада (110) және Алматыда (42) орналасқан.
Бас прокуратура өкілінің айтуынша, барлығы тексерулер аясында қылмыстық қудалаушы құқық қорғау органдарына 15 материал анықталып, тапсырылды. Атап айтсақ, олардың жетеуіне қатысты, атап айтсақ, "Верный.KZ" ЖШС, "Алматыинвестстрой", "Казстрой", "Казкоммерцинжиниринг", "Столичная недвижимость", "Best Group" және "Стройинвест" ЖШС қатысты үлескерлерге зиян келтіру деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды.