ЖІӨ-нің 9,2%-тік өсімі өнім өндіру қарқынының өнеркәсіпте - 8,8%, ауыл шаруашылығында - 1,4%, құрылыста - 12,4%-ке артуына байланысты қамтамасыз етілді. Өнім мөлшерінің артуы қызмет көрсету саласында да, соның ішінде көлікте (7,8%), байланыста (24,8%), сауда саласында да (10,0%) тіркелді.
2003 жылы дефлятор жалпы экономика бойынша өткен жылмен салыстырғанда 107,9% құрады, соның ішінде тауар өндіруде - 107,0%, қызмет көрсетуде - 115,6%-ке жетті.
2003 жылы ЖІӨ-дегі тауарлар өндіру мен қызмет көрсетудің үлесі тиісінше 43,0% және 51,5% болды. ЖІӨ өндіруде негізгі үлесті өнеркәсіп (29,5%) саласы иемденеді.
Соңғы бес жылда ЖІӨ-нің қарқынды өсуі 2003 жылы 1991 жылғы деңгейден 6,3%-ке асуға мүмкіндік берді.
Жедел алынған деректер бойынша 2003 жылы ТМД елдерінің барлығында 2002 жылмен салыстырғанда ЖІӨ-нің едәуір өскені байқалады (Түрікменстан жэне Өзбекстан бойынша деректер жоқ). ТМД бойынша ЖІӨ-нің нақты көлем индексінің орташа мәні 107%-ті құрады.
Ең жоғары өсім Арменияда (113,9%) тіркелсе, Әзербайжанда ЖІӨ-нің өсімі 111,2%-ті, Тәжікстанда - 110,2%-ті, Грузияда - 108,6%-ті, Украинада 108,5%-ті құрады. Ең төменгі өсім Ресейде (107,1%) , Беларусьта (106,8%), Қырғызстанда (106,7%) және Молдовада (106,3%) тіркелді.