Қазақстанда 2003-жылы ауыр қылмыстарды жасыру дерегіне байланысты 20 қылмыстық іс қозғалды- бас прокуратура

"Қылмыстарды жасыру ісімен тек құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлері ғана айналысумен шектелмей, сараптама өткізуге тапсырма берілген сарапшы мамандар да шұғылданған",- деді ол.

Ә.Жүкенов жария еткен мәліметке жүгінсек, 20 қылмыстық істің сегізі қазір сотқа жолданып, оның алтауы бойынша үкім шығарылды. Жасырылған қылмыстық істер бойынша үш сарапшы маманның үстінен іс қозғалып, олардың екеуі сот алдында жауапкершілік жүктеді,- дейді ҚР бас прокурорының орынбасары.
Сонымен бірге Ә.Жүкеновтың пайымдауынша, құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлері мен сарапшы мамандарды бұл жерде қылмыстық істерді "бас пайдасына бола" жасырды деп айыптауға келмейді. "Мәселе олардың немқұрайдылығы мен бойкүйездігінде жатыр",- дейді ол.