Қазақстанда 2004 жылдың қаңтарында жалақы 18,5% өсті

2004 жылдың қаңтарында жоғары жалақы қаржы саласы қызметкерлерінде қалыптасты - 58438 теңге, бұл республика бойынша орташа деңгейден 2,4 есе жоғары, кен өндіру өнеркәсібі - 44830 теңге және 1,8 есе, қонақ үйлер мен мейрамханалар - 38726 теңге және 1,6 есе қалыптасты. Сол уақытта бюджеттік ұйымдардағы еңбекке ақы төлеу орташа республикалық көрсеткіштен едәуір төмендеді: денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінде 44,4%, білім - 34,7%, мемлекеттік басқару - 19,3%. Ең жоғары (қаржы қызметінде) және ең төмен (ауыл шаруашылығында) жалақы көрсеткіштері арасындағы алшақтық - 6,5 есе (2003 жылдың қаңтарында - 7,2 есе) болды.

Ағымдағы жылдың қаңтарында номиналдық жалақының өсуі өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда экономикалық қызметтің дерлік барлық түрлерінде тіркелген. Атап айтсақ, көлік пен байланыс саласы қызметкерлерінің жалақысы 34,5%(37303 теңге), саудада - 23,7% (25605 теңге), денсаулық сақтауда - 20,9% (13822 теңге), коммуналдық және әлеуметтік қызметтерде - 19,7% (28132 теңге), білімде - 17,2% (16226 теңге) өсті.
2004 жылдың қаңтарында республика өңірлерінің ішінде ең жоғары жалақы Атырау облысында (48367 теңге), ең азы - Ақмола облысында (16324 теңге) тіркелген. Орташа республикалық деңгейден төмен еңбекақы он облыста байқалды.