Қазақстанда 2004-жылғы мамырда инфляция 0,2 процентті құрады

Азық-түлік өнімдері рыногында мамыр айында кеспе өнімдерінің бағасы 0,9%-ке, нан бағасы 0,7%-ке, ұн және жарма өнімдерінің бағасы 0,3%-ке қымбаттады. Ет өнімдерінен жылқы еті 3,5%-ке, қой және сиыр еті тиісінше 3,3%-ке, ал шошқа еті 1,4%-ке қымбаттады. Бір айда жұмыртқа 3,3%-ке, сүт өнімдері 2,4%-ке, жеміс-жидек және көкөніс өнімдері 2,1%-ке, мал майы 0,9%-ке арзандады.

Азық-түлік өнімдеріне жатпайтын тауарлардан аяқ киім бағасы 0,7%-ке, мата өнімдері 0,5%-ке, киім-кешек бағасы 0,4%-ке, тұрмыстық бұйымдар, баспа өнімдері мен жеке тазалық бұйымдары тиісінше 0,3%-ке қымбаттады. Жанармай бағасы 0,9%-ке арзандады.
Тұрғын-үй-коммуналдық сала, денсаулық сақтау, білім беру және жолаушы тасымалы тәрізді қызметтер төлемі тиісінше 0,2%-ке, мәдени-демалыс шараларының құны 0,5%-ке қымбаттады.