Қазақстанда 2004-жылы толық оңалып шыққан мүгедектер саны 1,5 процентке артты - еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Министрдің мәліметіне сәйкес, былтыр қайтадан куәландырылған мүгедектер арасынан 4,8 проценті толық оңалып шықса, 8,7 проценті жартылай оңалды, ал мүмкіндігі шектеулі азаматтардың 7 процентінің денсаулық ахуалы керісінше төмендей түсті.

Дегенмен, Г.Қарағұсованың айтуынша, денсаулық сақтау жүйесінің жағдайы жақсаруының арқасында және еңбек қауіпсіздігін қорғауға баса назар аудару нәтижесінде былтыр өндіріс саласында "алғаш рет мүгедек деп танылғандар саны шамалы азайды".
Сондай-ақ, қазір мүгедектерді реабилитациялау жөніндегі жаңа бағдарлама жасалған. Оны жүзеге асыруға алдағы бес жылда 70 млрд. теңге қажет, деді министр.
2004-жылы "Протез қызметін көрсету және протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету" жөніндегі бағдарламаға арналған шығындар көлемі 436 млн. теңгеден асты. Министрдің айтуынша, өткен жылы елімізде 16840 мүгедек протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді.