Қазақстанда 2007 жылдың алғашқы он айында 1557 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген

"Барлығы 1557 сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркелд. Оның ішінде қызметтік жағдайын асыра пайдалану дерегі бойынша 359 қылмыс, пара беру - 307 қылмыс, пара алу - 225 қылмыс, бюджет қаражатын жымқыру - 199 қылмыс, биліктік өкілеттігін асыру дерегі бойынша - 58 қылмыс тіркелген", - деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Алқа отырысында қарастырылып отырған уақыт кезеңінде қылмыстық тергеу органдары Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" заңын жүзеге асыру бойынша белгілі мөлшерде жұмыстар жүргізгендігі атап өтілді. Алайда, сонымен бірге, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын дер кезінде анықтау мен оның жолын кесуге байланысты барлық мүмкіншіліктер пен механизмдер толық көлемде пайдаланылмаған.