"Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының арасынан парақорлық 50%-ға және қызмет бабын пайдаланып өзіне сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу 30% аса өсті", -деді М. Мусабеков.
Оның айтуынша, былтырғы жылмен салыстырғанда осы жылы сыбайлас жемқорлық сипатындағы сотқа тапсырылған қылмыстық істер саны 20%-ға өскен.
Қаржы полициясының мәліметінше, былтыр әкімшілік аппаратының қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қатысты 120 дерек, білім беру саласында - 160 , ішкі істер органдары тарапынан 90 дерек, денсаулық сақтау саласында 60 астам, ауылшаруашылығы саласында - 70, әділет органдары тарапынан - 30 , ТЖМ тарапынан - 30 дерек тіркелген.