Қазақстанда 2008 - 2009 жылдары 55 балабақша салынады

"2008 - 2009 жылдары 7800 орынға арналған 55 балабақша салынады. 13800 орынды мектепке дейінгі 31 ұйым қалпына келтіріледі ", - деп атап өтті Ж. Түймебаев.

Сондай-ақ, 5300 орынға арналған мектепке дейінгі 194 шағын орталығын құру жоспарланған. Білім және ғылым министрлігінің басшысы атап өткеніндей, 2007 жылы бала бақшалардың саны 226 ұлғайып, 2006 жылмен салыстырғанда өткен жылы шағын орталықтардың саны екі есе көтеріліп, 724 тен 1427 орынға көбейді.

Министр атап өткеніндей, бүгінгі күні мектепке дейінге балалар ұйымдарында балалардың қатары республика бойынша 32,8 % қамтылған.