Қазақстанда 2008 жылдың бірінші тоқсанында Жалпы ішкі өнімнің өсімі 105,3% құрады

"Ел экономикасының бұрындары жинақтаған беріктік қоры мен үкімет тарапынан қолданған шаралар бірінші тоқсанда Жалпы ішкі өнімнің өсімін 105,3% деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бұл болжанған 5 - 7% параметрге сай келеді", -деді Б. Сұлтанов.

Экономика және бюджетті жоспарлау министрі бұған қоса "2008 жылдың қаңтар-наурчз айларында инфляция деңгейі 2007 жылдың желтоқсанына шаққанда 2,5% құрағанын, бұл өткен жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 0,1%-ға аз екенін" атап өтті.

Оның мәліметінше, өнеркәсіп өнімінің өсімі бірінші тоқсанда 3,7% болды, осы орайда өңдеу өнеркәсібінің өсім қарқыны біраз төмендеген, атап айтқанда, түсті металл мен құрылыс материалдарын өндіру өсімінің төмендеуі есебінен өңдеу өнеркәсібінің өсім қарқыны 1,2%-ға кеміді.