Қазақстанда 2008 жылдың үш айында өндіріс орындарында болған 114 қайғылы оқиға тіркелді - ҚР ТЖМ басшысы

"Биылғы жылдың үш айы ішінде 114 қайғылы оқиға тіркелді, бұл 2007 жылдағы көрсеткіштен 1,7 есеге артық ", - деді В. Божко.

Оның мәліметтері бойынша, биылғы жылдың үш айында республиканың кәсіпорындарында "өлімге апарған 36 дерек пен денсаулыққа зиян келтірген 25 жарақаттану оқиғасы шықты". Өлімге соқтырған оқиғалар саны 2007 жылдағыдан 7 есеге артқан ", - деп атап өтті министр. Қазақстанда 2007 жылы кәсіпорындарында 295 қайғылы оқиға тіркеліп, өндіріс орындарында 21 адам қаза болды.

"Апаттарды жоюға жұмсалған шығындарды санамағанда, жыл басынан бері өндіріс орындарындағы апаттар мен қайғылы оқиғалар 300 млн теңгеден аса шығын келтірді", - деді ТЖМ басшысы.

В. Божко атап өткеніндей, жыл басынан "көмір және тау-кен саласында апатты жағдайлар саны ұлғайды". Оның берген мәліметтері бойынша, көмір өнеркәсібінде жарақаттар санының өсуі 11 қаңтарда Қарағанды облысындағы "Абай" шахтасында болған қайғылы оқиғаға байланысты".

"Мұнай- газ саласында өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысы бойынша тұрақсыз жағдай қалыптасып отыр. Ондай өндірістік нысандардың жаңартылуы мен жөндеу жұмыстары баяу жүріп, технологиялық тәртіп сақталмайды. Сондай-ақ, көнерген құрал -жабдықтарды ауыстырудың уақыты үнемі шегеріліп, апаттардан қорғаудың сенімді жүйесінің көлемі толық емес", - деп қорытындылады В. Божко.