Қазақстанда 2008 жылы 81 млрд кВт-сағ электр қуаты өндіріліп тұтынылады - Тұрғанов (толық нұсқасы)

"Біз 80-81 млрд кВт-сағ көлемінен артық емес электр қуаты өндіріледі деп ойлаймыз. Болжамдық көлем қаржылық дағдарысқа байланысты қысқартылды. Оған себеп, Қазақстанда металлургия саласы мен құрылыс кешені, жалпы өндіріс саласы стагнацияға ұшырап отыр", -деді Д.Тұрғанов.

Вице-министрдің мәліметінше, Қазақстанда кейінгі жылдары электр қуатын өндіру және тұтыну көлемінің өсімі жалпы алғанда 6% құрайды, алайда ағымдағы жылдың қазан айында "бұл көрсеткіштің өсімі төмендеді".

Ағымдағы жылдың қазан айында 2007 жылдың тиісті айымен салыстырғанда Қазақстанда электр қуатын өндіру және тұтыну көлемінің өсім қарқыны 5,9% болды.

2008 жылдың 9 айында 59 млрд кВт-сағ электр қуаты өндірілді. Ал былтыр осы уақытта ол 54,83 млрд кВт-сағ болған. Ағымдағы жылдың қаңтар- қыркүйек айларында электр қуатының тұтынылу көлемі 59,5 млрд кВт-сағ болса, 2007 жылдың 9 айында 54,91 млрд кВт-сағ болған.

Вице-министрдің айтуынша, былтыр Қазақстанда 76 млрд 300 млн кВт-сағ электр қуаты өндіріліп, 76 млрд 400 млн кВт-сағ қуат тұтынылды.