"Біздің ел басшысының шетелдерге ресми сапарлары және Қазақстанға жоғары мәртебелі қонақтардың келуімен қатар, биылғы жылы елімізде халықаралық деңгейдегі ірі шаралар өткізіледі", - деді М.Тәжин. Соның бірі, Қазақстанда ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының 17 сессиясы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары, сыртқы істер министрлерінің Кеңесі және "Ортақ әлем: алуан түрлілік арқылы алға басу" форумы мен Азиялық диалог ынтымақтастығының министрлік кездесулері жоспарланған.