Қазақстанда 2009 жылы 79,2 млн тонна мұнай өндіріліп, пайдалы қазба өндіруге салынатын салық түсімі 243,7 млн теңге болмақ - Экономика министрлігінің болжамы (толықтырылған нұсқасы)

"Бюджет түсімдері мұнай өндіру көлемінің 67,3 млн тоннадан 79,2 млн тоннаға дейін өсуі есебінен 125,2 млрд теңгеге ұлғайса, теңгенің долларға шаққандағы бағамының 121,5 теңгеден 123,5 теңгеге дейін ұлғаюы есебінен 12,7 млрд теңгеге ұлғаймақ", -деді Б. Сұлтанов.

Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің болжамына сәйкес, Қазақстанда 2010 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 81,3 млн тоннаны, 2011 жылы - 81,6 млн тоннаны құрамақ.