Қазақстанда 2010 жылға дейін экологиялық негізгі стандарттар жасалу керек - президент

"Біз 2010 жылға дейін қоғамның тұрақты дамуының негізгі экологиялық стандарттарын жасау туралы міндет қойдық ", - деді Н. Назарбаев.

"Яғни, кәсіпорындарда, құрылыста, энергетикада, көлік саласында қоршаған ортаны қорғайтын, бүгінгі күнге сай қатаң талаптар орнатылуы керек", - деп түсіндірді ол.

Мемлекет басшысы атап өткеніндей, "өндіріс орындары ұлғайғанымен, қазақ кәсіпорындарының 1990 жылдан бастап ауаға шығарған 4,7 млн тонна зиянды заттар көлемі, былтыр 3 млн тоннаға дейін төмендеді". "Ертіс, Орал өзендерінің және Балхаш көлінің ластану индекстері қысқарды", - деді мемлекет басшысы.

"Қазақстан өз дамуында экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тепе-теңдігін сақтауы керек. Біз бүкіл әлемге, тұрғындары жоғарғы стандарттармен өмір сүретін мемлекет болатынымызды жарияладық. Қазақстанның даму стратегиясында көрсетілгеніндей, ҚР жазыл желекке бөленген, суы мен ауасы таза мемлекетке айлануы керек", - деп атап кетті мемлекет басшысы.