"Бұл жетістікке біз бұдан да ертерек қол жеткізе аламыз",- деді Д.Ахметов. Үкімет басшысы бұл болжамды "кейінгі 3 жылда Қазақстандағы Жалпы Ішкі Өнімнің өсімі 49 процентті құрауына" негіздей айтты. Алайда, оның айтуынша, " шикізат секторының шоқтығы басқа салалардан биік тұру жағдайын өзгерту үшін еліміз 2015-жылға дейін экономикалық құрылымды, соның ішінде өнеркәсіп саласын түбегейлі өзгертуге ниет етіп отыр." "Дегенмен, шикізат саласының басымдығынан қорқуға болмайды, өйткені, шикізат секторы басқа да жанама экономикалық салаларды алға сүйрейтін локомотив іспетті",- деді Д.Ахметов. "Ал өңдеу өнеркәсіптері тек қана экспортқа бағытталуы тиіс". "Өйткені, қазір біз Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуге бел байлап отырмыз, оның үстіне Біртұтас экономикалық кеңістік туралы да үлкен жауапкершілікпен айта бастадық",- деді үкімет басшысы