Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қуыршақ театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мәдениет Юсупов мәлім етті.
Оның айтуынша, шараға 30-дан астам елдің қуыршақ театрлары қатысады. «Бұл шара біздің бастамамызбен, қалалық әкімшіліктің қолдауымен өтеді. Бұл шешім жақында қала әкімдігінде өткен кезекті мәслихатта қабылданды. Карнавал Орталық Азия елдерінде емес, жалпы бүкіл әлем бойынша еш жерде өтпеген шара. Қазақстан тұңғыш рет Қуыршақ театрлары карнавалын өткізгелі отыр», - деп атап өтті ол.
Мәдениет Юсуповтың пікірінше, болашақта Алматы бүкіл әлемнің «Қуыршақ театрлары орталығына» айналуы әбден мүмкін.