Қазақстанда 2013 жылдың басынан бері жалақы бойынша 7,2 млрд теңге қарыз ақша төленді

"Жылдың басынан бері азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы прокуратура органдары 18 қылмыстық іс қозғады, 2,7 мың қадағалау актісі енгізілді, оларға орай әр түрлі жауапқа 2 422 тұлға тартылды, 201 мың қызметкерге жалақы бойынша 7,2 млрд теңге қарыз ақшаның өтелуі қамтамасыз етілді", деді ол сәрсенбіде Астанада баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазір 8 мың қызметкерге төленбеген жалақы бойынша қарыз ақша 1,1 млрд теңге.


Ол атап өткендей, бұл жалпы сомадағы 512,1 млн теңге банкротқа ұшыраған кәсіпорындарға тиесілі.